Дені саудың -жаны сау
КМҚК №100 «ГАУҺАР» БӨБЕКЖАЙ – БАЛАБАҚШАСЫНДА ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАЙЫНДА
Балабақшамыздағы дұрыс тамақтанудың ас мәзірі – ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген нормаларға сай жасалады және осы тамақтану нормаларды ескере отыра, маусымдық мәзір жасалады. Балабақшадағы тамақтануды ұйымдастыру реті – «Мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптары негізіндегі» мемлекеттік құжаттағы тәртіппен реттеледі. Баланың дамуы, өсуі, денсаулығы дұрыс тамақтануға және ағзаға пайдалы дәрумендердің, минералдардың және басқа да микроэлементтердің жеткілікті мөлшерінің болуына тікелей байланысты. Бала күніне белгілі бір мөлшерде ет, май, айран, жеміс және т.б. алуы керек.
№100 «Гаухар» бөбекжай – балабақшамызда күніне 4 рет тамақтанады. Таңғы ас – сүт ботқалары: сұлы, күріш, қарақұмық, бидай, макарон өнімдерінен тұрады. Сусын ретінде сүт қосылған кофе, какао және май, ірімшік бутерброды беріледі. Түскі ас: бірінші ыстық тағамға - щи, борщ, көкөніс, жарма немесе макарон өнімдері қосылған көжелермен қатар мампар, үй кеспесі, қызылша мен тары, асбұршақ және тасбұршақ, жиынтық көжелері беріледі. Екінші тағамға – бұқтырылған ет, тартылған ет қосылған тағамдар беріледі. Үшінші тағамға – кепкен көкөністерден компот. Бесін асқа – сүт, айран, биос, печенье, тәтті тоқаштар мен вафли. Кешкі асқа – сүзбеден жасалған пудинг, балықтан биточки, көкөніс бұқтырмасы, сүт тағамдарынан жасалған ботқалар және орама нан және жеңіл азық-түліктер беріледі.
Балабақшадағы тамақтану ұйымдастыруда қойылатын басты талап – ол, тамақты сақтау мен дайындау үдерісіне және ас бөлмесіндегі барлық санитарлық – гигиеналық талаптардың қатаң түрде сақталуы және санитарлық – нормалық ережелерге сай болуы. Аталған талаптың болуы балалардың тамақтарын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызды. Балабақшаға әкелінетін барлық азық-түліктер санитарлық ережелерге сай және барлығының санитарлық – эпидемиологиялық қорытындылары бар.
Балабақшадағы тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі айтылған ойларды қорытындылай келе:
«Ыдыс аққа толсын!
Бойымызға сіңімді,
Ішкеніміз тойымды болсын!
Басқа амандық,
Асқа адалдық берсін! – деп, өсіріп отырған балаларымызға, балабақтың базарында дендері сау, бақытты болып, шалықтап өсе берсін демекпіз!