Қамқаошылық кеңес » ГККП "Учебно-воспитательный центр "Гаухар" (Дошкольная организация №100)
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№100 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 373-11-14
Әдіскер:
+7(727) 373-13-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2023

Қамқаошылық кеңес

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС


Қамқоршылық кеңесі:

1. Мектепке дейінгі ұйымдарының гуманитарлық қызметін қолдауға қосымша қаржы ресурстарын тарту және балабақшаны басқарудың қоғамдық – мемлекеттік нысандарын дамыту мақсатында құрылатын және қамқоршылық қызметті жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғалардан тұратын балабақша ішінен құрылған қоғамдық бірлестік болып табылады. 

2. Оның ішінде балабақшаның білім беру, ғылым, мәдениет және өнер, спорт және денсаулық сақтау қызметтеріне әлеуметтік белсенділік танытатын және қолдау жасауға материалдық, қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады.

3. Қамқоршылық кеңесінің дербес құрамын балабақша ұйымының әкімшілігі балабақшаның жалпы жиналысының ұсынымын ескере отырып қалыптастырады.

4. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық кеңесінің отырысында сайланады. Төрағаның өкілеттік мерзімі Қамқоршылық кеңесте оны басқару мерзімімен шектеледі.

5. Төрағаның орынбасары мен оның хатшысы Қамқоршылық кеңеспен сайланады.

6. Қамқоршылық кеңес мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы және Ережесінің негізінде әрекет етеді.

7. Балабақшаның қамқоршылық кеңесінің Ережесіне өзгертулер мен толықтырулар Қамқоршылық Кеңестің жалпы жиналысымен енгізіледі және оның отырысында бекітіледі.

8. Қайырымдылық және демеушілік жарналардан алынған және қайырымдылық алушылар енгізген қаражат есебінен сатып алынған барлық мүлік балабақшаның меншігі болып табылады және белгіленген тәртіппен баланста ескеріледі.

Қамқоршылық кеңес комитетінің құқығы мен міндеті:

1. Білім беру процесін жүзеге асыру үшін жағдайларды жетілдіруге, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдемдеседі.

2. Балабақша тәрбиеленушілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

3. Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсетуге.

4. Аталған мәселелердің қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңес шешім қабылдайды және балабақша әкімшілігі мен педагогикалық кеңестің назарына жеткізіледі.

5. Қамқоршылық кеңес ата-аналар комитетінде өз қызметі туралы мезгіл-мезгіл есеп береді.

6. Қамқоршылық кеңесінің отырысында төраға мен хатшы қол қоятын хаттама жүргізіледі.

7. Қамқоршылық кеңесінің барлық шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады.


 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив