15
январь
2024
Ата аналар - сіздер үшін
КМҚК №100 «ГАУҺАР» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНДА
АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН
ЕРЕЖЕЛЕР
- Баланың өмірінің қауіпсіздігіне тікелей жауапты екеніңізді ескеріңіз.
- Ауырып тұрған баланы балабақшаға әкелмегеніңіз жөн екенін ескеруіңізді сұраймыз. Егер балаңыз ауырып, үш күннен артық балабақшаға келмесе, медициналық анықтама әкелуіңіз тиіс.
- Балабақшаға келгенде QR код арқылы белгіленуді ұмытпаңыз.
- Баланы ұқыпты және оған ыңғайлы киімде алып келіңіз. Мезгілге және ауа райына сай киім кигізіңіз. Тым қалың немесе жылы емес киімдер кигізу баланың ауыруына алып келуі мүмкін екенін ескергеніңіз жөн.
- Сіз бала тәрбиесі туралы ақпаратты немесе жеке көмекті балабақшаның психологі мен жауапты тұлғалардан алуыңызға болатынын есіңізге саламыз.
- Егер, белгілі бір себептерге байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, осы және басқа да сұрақтарды тәрбиешілермен шеше алмасаңыз, әдіскерге немесе балабақша басшысына баруыңызды өтінеміз.
- Талас немесе жанжал туындаған жағдайларда, мәселенің себебі айқындалып, барлық мәселелер балалар жоқ жерде әкімшіліктің қатысуымен шешілуі тиіс.
- Балалардың үйден ойыншықтар, алып келмегені жөн.
9. Баланың қалтасында не қолында өткір, кескіш немесе тескіш және өміріне қауіп төндіретін және бағалы, қымбат заттардың болмауын қадағалаңыз.
- Балаларды ата-ананың өтінішінсіз, ескертусіз, келісімшартта алып жүруші ретінде көрсетілген адамдардан басқа: кәмелеттік 18 жасқа толмағандарға, ақыл-есі дұрыс емес адамдар мен мектеп жастағы балаларға беруге және жіберуге тыйым салынады.
- Төлемақыны балабақшаға кесте бойынша уақытылы төлеуді ескергеніңіз жөн.