Мемлекеттік тіл - менің тілім
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
1-ші бала: Қазақстан елім менің
Қазақстан жерім менің
Саған арнап айтылады әнім менің!
2-ші бала: Мейірімді – жел жібек
Күндей ыстық құшағы
Ет жүрегі елжіреп
Құлыным деп құшады
3-ші бала: Айтады ертек жан атам
Ақ сақалын салалап
Құмарымды таратам
Жер мен көкті аралап
Жүргізуші: Ал, балалар сендер тазалықты сүйесіңдер ме? (балалардың жауабы)
- Ендеше бойымызды жазып, тазалықты калай сақтайтынымызды көрсетейік.
(Қимыл-қозғалыспен)
Таңертең тұрамын
Бетімді жуамын
Тісімді тазалаймын
Киімімді киемін
Балабақшаға барамын
Жүргізуші: - Жарайсыңдар балалар! Балалар біз қазақ тілімізді жақсы көреміз, иә. Ендеше әдеп және тіл туралы мақал –мәтел білесіңдер ме?
1. Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
4-ші бала: Атаңа істегенің, алдыңа келеді
5-ші бала: Тіл - достықтың алтын көпірі.
6-шы бала: Жақсы қыз – жағадағы құндыз
Жақсы жігіт – көктегі жұлдыз
7-ші бала: Біліп тұрсаңда сұрап ал.
8-ші бала: Көп біл, аз сөйле.
Ә
Ойын «Киіз үй»
Балалар киіз үйді сендер құрдыңдар. Енді оның ішіне қандай жабдықтар қоюға болады. Кім біледі? (Балалардың жауабы: сандық, қоржын, бесік, дастархан, домбыра, қамшы, көрпе, жастық, қуыршақ)
Ендеше қуыршақ, сандық домбыра туралы қандай тақпақ, өлең білесіңдер (Балалардың жауабы)
Ән: «Қуыршақ»
Айзат, Настя : Біздерде бар қуыршақ
Бұзау қозы құлыншақ
Тыңда десең тыңдайды
Айтқаныңнан шықпайды
Жүргізуші: - Балалар көп нәрсені білдік, үйрендік, әдептілікті сақтап, әжемізді сыйлап, қөптеген тақпақ, өлеңдер айтып бердік қазақ тілін жақсы білетінімізді көрсеттік.. Әже сендерге қарсы сый ретінде алмасын ұсынып, дастарханға шақырып отыр. Осындай татулығымыз артып, тіліміз өркендей берсін!
12- ші бала: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.