КМҚК "№100"Гауһар" бөбекжай -балабақшасы жайында. » ГККП "Учебно-воспитательный центр "Гаухар" (Дошкольная организация №100)
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№100 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 373-11-14
Әдіскер:
+7(727) 373-13-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2024

КМҚК "№100"Гауһар" бөбекжай -балабақшасы жайында.

БАЛАБАҚТЫҢ ҚҰТТЫ МЕКЕНІ - №100 «ГАУҺАР» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Балғындардың мекеніне айналған КМҚК №100 «Гауһар» бөбекжай-балабақшасының іргетасы 1987 жылы қаланған. Қаншама жылдар сәбилердің бесігіне айналған мектепке дейінгі ұйымда 5 -қазақ, 9- орыс тобынан тұратын 14 топ бар. Балабақшада заманына сай жабдықталған қос қабатты ғимаратта топтар іші кең, әрі жарық. Түрлі зоналарға бөлінген балабақша топтарында балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі болып табылатын ойын арқылы білім зердесіне тоқылып, тәрбиеленеді.

Бой сергітер таңғы жаттығудан басталатын балабақшада жүргізілетін тәрбие мен оқу іс-әрекетін ұйымдастыратын білікті тәрбиешілермен қатар, мейірбике, психолог, логопед, дефектолог пен қос музыка жетекшісі және жүзуден жаттықтырушы мамандар қызмет атқарады. Сонымен қатар ғимаратта әдемі безендірілген, түрлі мерекелік іс-шаралар өтетін музыка залы мен бала жанын рахатқа бөлеп, денесін қатайтып, бұлшықеттерін қалпына келтіре мінсіз мүсін иесіне айналадыратын, ең бастысы – баланың ағзасы мен денсаулығына пайдалы жүзу бассейні бар.

Балабақшаның басты қағидасы мен негізгі ұстанымы– бала өмірінің қауіпсіздігі. Жігері мықты, дені сау кемел келешекті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Өресі биік, тәжірибелі де білікті Бияхметова Гулнара Кукентаевнадай басшы бар жерде, шабыттана шалықтайтын №100 «Гауһар» бөбекжай-балабақшасының кез-келген қызметкерлері «сайдың сақа тасындай» білім мен тәрбие тізгінін қатар ұстаған саңлақтар болып табылады. Болашақ дарынды ұрпақ тәрбиелеу жолында заман талабына сай педагогикалық озық тәжірибелермен қарулана, аянбай еңбек етіп, ұстаздық қызметінде бірнеше тағылымды тарихи еңбек өтілін өткерген тәрбиеші мамандар – кәсіби біліктілік арттыру курстарынан өтіп, шеберлігін шыңдайтын байқауларға және түрлі сайыстарға қатысады. Жүзден жүйрік атанып, мыңнан тұлпар сыналып, жеңістің биігін бағындырып, асығы алшысынан түскені қаншама!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив