Балабақша жайында » ГККП "Учебно-воспитательный центр "Гаухар" (Дошкольная организация №100)
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№100 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 373-11-14
Әдіскер:
+7(727) 373-13-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
август
2023

Балабақша жайында

Алматы қаласы Білім басқармасының

КМҚК № 100 «Гауһар» бөбекжай-балабақшасының

2022-2023 оқу жылының жұмыс жоспарының қорытынды 

ТАЛДАУЫ


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие әдістемелік жұмысын талдау – педагогтардың кәсіби шеберлігін арттырудың, бүкіл ұжымның шығармашылық әлеуетін дамытудың, оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігін арттырудың негізгі жолы болып табылады. Мектепке дейінгі мекеменің 2022-2023 оқу жылында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуы қамтамасыз етілді. Білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайлар жасалды.

Оқу, тәрбиелік және тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар мен балаларға арналған білім беру бағдарламаларына сай жас топтары бойынша ұйымдастырылатын іс-әрекеттің кестесі жасалды. Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, формалары, әдістері мен құралдары анықталып, оқу-әдістемелік құжаттамалар әзірленіп, бекітілді. Инновациялық педагогикалық тәжірибелер анықталып, оның іс жүзінде жүзеге асырылуы қамтамасыз етіліп және оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысына талдау жасалды. Тәрбиеленушілер контингенті қалыптастырылды, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етілді. Балаларды тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету, тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту және қорғау үшін қажетті жағдайлар жасалды. № 100 «Гауһар» бөбекжай-балабақшасының оқу-әдістемелік қызметіндегі атқарылатын жұмыстардың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі мекеменің тәрбие мен оқытудың бағдарламасын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету және педагогикалық ұжымының кәсіби шеберлігін арттыру, тәрбиешілердің бейімделген бағдарламасын: «Логикалық ойындар», «Сиқырлы дыбыстар», «Ғажайып әлем», «Таңғажайып қоршаған орта» және т.б. 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу мен дамытуда балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілді және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырылды. Балабақша бойынша 14 тәрбиеленуші коррекциялық түзету орталығынан анықтамалар алып, логопед пен дефектолог мамандар арнайы жұмыстар жүргізді. Тәрбиеленушілер контингенті қалыптастырылды, олардың әлеуметтік қорғалуы педагогикалық-психологиялық көмек көрсету мақсатында қамтамасыз етілді. Балаларды тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету, тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту және қорғау үшін қажетті жағдайлар жасалды. Балабақшада төрт мезгіл ас мәзіріне сай тамақтандыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар балабақшада бракераждық комиссия жыл бойы балабақшамен бірлесіп жұмыс жасады. Жұмыстар барысы «Алматы балабақшалар сайтында» көрсетіліп отырды.

№ 100 «Гауһар» бөбекжай-балабақшасының «Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбие дамуының жетекші қызметі ретінде дәстүрлі емес шығармашылықты қолдану» атты жылдық міндеттемесінің аясында басқару құрылымы құрылып, білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Осы міндеттеме нәтижесінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дәстүрлі емес шығармашылық пен түрлі іс-әрекеттер арқылы олардың сыни ойлауын ұшталуы мен шығармашылық шабыттарын дамыту өз нәтижесіне жетті. Ата-аналармен бірлескен маусымдық көрмелер: «Алтын күз», «Қыз қызығы», «Көктем шуағы» және т.б. өтті.

Педагогтар: Жаңа дәстүрлі емес технологияларды қолдану кезінде оқыту процесінің тиімділігін арттыру және сапалы нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда: «Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік -эстетикалық тәрбиелеудегі шығармашылық қызметтің рөлі» және «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудағы дәстүрлі емес визуалды белсенділік технологиясы» атты семинарлар өтті.

Ұйымдастырылған оқу қызметі мен озық педагогикалық іс-тәжірибелерді тарату мақсатындағы шеберлік іс-әрекеттері: «Жасөспірімдер арасындағы буллинг», «Ерекше білімді қажет ететін балаларға инклюзивтік тәрбие беру» семинарлары, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, тәрбиешілерге арналған конкурстар «Үздік тәрбиеші» және «Шексіз талант», «Педагогикалық оқу» өткізіліп, шығармашылық топтардың жұмысы ұйымдастырылды. Балабақшаы жас мамандар мен тәлімгер тәрбиешілер мен психологтың, логопедтің, музыка жетекшісінің, ұйымның басқа мамандарының іс-әрекеті жүйеленді. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестациялау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қорытындылау: Балабақша тәрбиеленушілері мен балабақша ұжымы аудандық, қалалық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып марапатталады. Сондай-ақ, бала тәрбиесіндегі қолданылған әдістемелік жұмыстары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының газет-журнал беттерінде мақалалар мен сұхбаттар жиі жарияланды. Педагог – тәрбиешілердің оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуде жаңа технологияны меңгеру барысында біліктіліктерін арттырып, ізденімпаздықпен, шығармашылықпен, мейіріммен адал еңбек ету- біздің бақша қызметкерлерінің басты ұстамы. Біздің бақытымыз балаларымыздың болашағы жарқын, өмірлері алтын болсын.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив