18
март
2026
"Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне" арналған мерекелік іс-шара
Балабақшамызда ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер ұлттық киім киіп, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттайтын көріністер көрсетіп, ән айтып, би биледі. Сондай-ақ ұлттық ойындар ойналып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің мерекесі. Осындай тағылымы мол шаралар арқылы жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметі арта түседі.
Әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен бақыт тілейміз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!