№5 педагогикалық кеңес
Педагогикалық кеңес тақырыбы: «Нәтиже мен тәжірибе – дамуға бастар жол»
Педагогикалық кеңесте балабақша меңгерушісі Айман Айтмуханбетовна 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстарға жан-жақты қорытынды жасап, ұжымның жетістіктеріне тоқталды. Жыл бойы жүргізілген тәрбие-білім беру жұмыстарының нәтижелері талданып, педагогтердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденістері жоғары бағаланды.
Меңгеруші өз сөзінде педагогтердің балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы табыстарын, түрлі байқаулар мен іс-шараларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсеткен еңбектерін ерекше атап өтті. Жыл бойындағы сапалы жұмыстары үшін педагогтерді марапаттады.
Педагогикалық кеңестің келесі мәселесі ретінде жазғы сауықтыру жұмыстарының жоспары қаралып, бекітілді. Әдіскер жазғы кезеңде тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Талқылау барысында таза ауадағы ойындар, спорттық сайыстар, сауықтыру-шынықтыру шараларды жүйелі өткізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сауықтыру, шығармашылық және ойын әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді жолдары ұсынылды.
Педагогикалық кеңес соңында барлық қызметкерлерге балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік жүктеліп, жазғы маусымға нақты міндеттер белгіленді.